Прокуратура АҚШ консулдығы қойған өткізу бекетін заңсыз деп тапты


Ауған соғысы ардагерлердің ұжым болып жазған хатынан кейін құзырлы орын жер инспекциясымен бірлесіп тексеру жүргізген екен. Бірақ әкімшілік жауапкершілікке америкалықUSAID ұйымы емес, жер телімінің иесі тартылған. Ал шлагбаумның өзі сүрілмек. Естеріңізге салсақ, Армия үйіне баратын жолдағы бекет көктемде тұрғызылған. Америкалық күзетшілердің бастан-аяқ тексеруіне қарсылық білдірген Ауған соғысының ардагерлері 9 күн бұрын тіпті шлагбаумды өздері қиратып тастамақ болған-ды.