Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2005-жылдың 24-мамырында әзірге аты-жөні анықталмаған біреулер Астана қалалық соттары администраторына Елордасының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының судьясының атынан жалған бұйрықты орындауға әкеледі. Құжатта "АЭС-ТНТ" ЖШС-нің пайдасына "Теплоцентр+" ЖШС-інен 32 млн. теңгеден астам қаржыны өндіріп алу көрсетіліпті. Сонымен бірге "Теплоцентр+" ЖШС-нің 48 млн. теңге көлеміндегі қаржысын тұтқындау туралы жалған анықтама және тапсырылған.
Астана қалалық соттары администраторының атына келіп түскен бұйрыққа сәйкес 26-мамырда бұйрықты іске асыру құжаты қозғалып, 32 млн. теңге "АЭС-ТНТ" ЖШС-нің есепшотына аударылған.
Қазір Астана қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкерлері аталмыш қылмыстық істі тексеріп жатыр.