Прокуратура органдары сотталушыларды ұстаудың лагерлік түрінен сотталушының қоршаған ортасынан жоғары дәрежедегі еркіндігін қамтамасыз ететін камерлікке ауысуын қолдайды

"Бұл реттегі халықаралық тәжірибені зерделеу сотталушының камерлік, яғни бөлек ұсталуы кезінде өзінің құқығы мен босатандығының көбірек қорғалатынын көрсетіп отыр",- делінген хабарламада.

Сотталушыға өзін қоршаған ортамен өз қалауымен ғана қарым-қатынаста болу мүмкіндігін жасау шын ниетімен түзелу жолына түскісі келетін адамдарға қылмыстық ортаның зиянды әсерін едәуір төмендететін болады.

Бас прокуратураның хабарлауынша, сондай-ақ, Қылмыстық-атқару жүйесін, прокурорлық қадағалау және қылмыстық істерді алдын ала тексеруін дамытудың осы және басқа тұжырымдамалық проблемаларын осы жылдың қазан айында Алматы қаласында Әділет және Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласындағы Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық. ұйымы орталығы, "Халықаралық түрме реформасы" халықаралық қоғамдастық бірлестігі мен басқа құқық қорғау ұйымдарының қатысуымен өтетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында егжей-тегжейлі талқылау жоспарланып отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті