Прокуратура қызмектерлері зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының Астанадағы бөлімшесінде заң бұзушылықтар анықтады

Баспасөз-қызметінің мәліметі бойынша, тексеру барысында орталық бөлімшесінің жерлеу рәсіміне 240 мың теңге көлемінде заңсыз жәрдемақы төлегенін анықтаған. Оған қоса, қамқорлық органдары мен Мемлекеттік орталық арасындағы ықпалдастықтың жоқтығынан, ата-ана құқығынан айырылған , асыраушысы жоқ жандарға заңсыз төлемақы төлеп келген. Сондай-ақ, орталық қызметкерлерінің салғырттығынан, артық төленген зейнетақы сомасының қайтарылмағандығы анықталды.