Прокуратура Тұяқбайдың жақтастарының сайлау заңнамасын өрескел бұзғанын анықтады



Атап айтсақ, прокуратураның мәліметі бойынша, үміткердің жақтастарының бірі - А.Қинаятолдиннің үйінен "анонимді баспа және бейнеөнімдер табылды". Өнімдерде оны шығарған ұйым, басылған жері мен таралымы туралы, тапсырыс берген тұлғалар туралы, сондай-ақ, материалдардың қандай қаржыға шығарылғаны жайында мәліметтер болмаған, дейді прокуратурадағылар.
Азамат А.Қинаятолдиннің үстінен әкімшілшік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, осы жөніндегі материал соттың қарауына берілді.
"Сайлау кезінде жай-жапсары көрсетілмеген үгіт материалдарын дайындап таратуға тыйым салынғанына қарамастан, президенттіктен үміткер Жармахан Тұяқбайдың жақтастары сайлау заңнамасындағы аталмыш талаптарды көзге ілмей отыр",- делінген хабарламада.
Осыған байланысты прокуратура президенттіктен үміткерлерді, олардың штабтары мен жақтастарын "сайлау заңнамасындағы талаптарды бұлжытпай орындауға шара қолдануға" тағы бір мәрте шақырады, делінген хабарламада.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті