Прокуратураның "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС-нен 4 млрд астам теңгені өндіріп алу туралы шағым арызы қанағаттандырылды

Талап шағым Ақтөбе облысының табиғатты қорғау прокуратурасынан "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС-на берілген болатын. Шағым талапқа 2005 жылғы Әлімбекмола кенішіндегі ілеспе мұнай газдарын өртеуден ауа қабатының нормадан тыс ластануы түрткі болған. Бұл 2006 жылдың қазанында жүргізілген прокурор тексеруінің нәтижесінде анықталған, деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі сот шешімі бойынша бұл кенішке әуелде ауаны ластайтын заттар шығаруға рұқсат беруге мәжбүр болды. Алайда Республиканың Бас прокуратурасының наразылығынан кейін соттың қадағалау алқасы ол шешімді тоқтатты, осыдан кейін бұл кен орны ауаны ластауға құқығы жоқ болатын. Алайда ол ілеспе газ өртеуді жалғастыра берген. Ақыр соңында аталмыш экономикалық сот Ақтөбе табиғат қорғау прокуратурасының талап арызында көрсетілген дәйектемелерді негізді деп тауып, оны толық қанағаттандырды. Қазіргі уақытты сот шешімінің орындалуы үішн Ақтөбе облысының әкімшілік соты атқару ісін қозғады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті