Прокурор Гауһар Әлімбекованы 3 жылға соттауды сұрады

«Сотталушы Әлімбекованың бұрын сотталмағанын, жалғызбасты әйел екенін және жақсы мінездемелерін, сондай-ақ еліміздің өнер саласындағы қоғам қайраткер екенін, жәбірленушінің тарапынан сотталушының бостандықта жүргеніне қарсы  еместігін ескеру қажет. Сонымен қатар Әлімбекова бас бостандығынан айырылған жағдайда, жәбірленуші Назароваға мүліктік салығын өтеу мәселесі өзінің оң шешімін таппауы мүмкін екенін ескерген жөн. Көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, Әлімбековаға тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы тым қатаң деп санаймын», - дейді прокурор. 

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы сотталушы Гауһар Әлімбекованы ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.


Еске сала кетсек, бұған дейін 6 жылға сотталған әнші Гауһар Әлімбекованың сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін босатылғаны белгілі болған еді. Сот төрағасы әнші Гауһар Әлімбекованың қамаудан босауына қатысты түсініктеме берді. Бүгінде оның ісі аппеляциялық сотта қайта қаралып жатыр.