Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"О құдыретті АП төрағасы Айбек Дәдебай мырза!
Оңтүстікке назар аударыңыз, түрмелер толды!
Кінәсі бар ма жоқ па, дәлелсіз қамалып отырғандар көбейді.
Прокурорлар адамды қамап алып, адамдарды қорқытып үркітіп жалған арыз жаздырып адам құқығын таптап жатыр.
Үй қамаққа шығу үшін тергеу соты мен прокуратура пара алады. Бермесең ауыр айып тағып еш дәлелсіз қамауға алады!
Айбек мырза қолдарында құзыреті барлар елімізді құлдыратып жатыр.
Президентіміз айтқан “Әділетті Қазақстан” қайда?", - деп жазды Айгүл Орынбек.