Бұл туралы Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.
«Протонға» қатысты айтар болсақ, біз шығын сомасын есептеп, Ресейге бердік (...) Біз Роскосмоспен шығынды өтеу жөніндегі келіссөздерді тұрақты түрде жүргізіп келеміз», - деді ол сейсенбі күні ОКҚ өткен брифингте.
Бұған дейін Ресей жағының аталған апаттан келген шығынды өтеу мәселесін созып келе жатқанын премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев та мәлімдеген болатын.
2013 жылдың 2-шілдесінде апатқа ұшыраған «Протон-М» зымыранының бортында 600 тоннаға жуық улы гептил, амил мен жермай болған.
Министрліктің болжамынша, апат салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залал мөлшері 13 млрд теңгеден асып жығылады.