«Протон» зымыранының ұшырылымы кейінге қалдырылуы мүмкін

Қоршаған ортаны қорғау министрі бүгін «Роскосмосқа» осындай  қатал талап қойды. Нұрлан Қаппаров Қызылорда облысына құлаған ғарыш кемесінің зардабы жойылмайынша, келесі ұшырылым туралы ешқандай әңгіме болмауы тиіс деді. Өйткені апат орнында залалсыздандыру жұмыстары толық аяқталмаған. Оның үстіне «Протон» ұшырылғанның өзінде оның тағы қазақ жеріне құламасына Ресей кепілдік бере алмады. «Техниканың аты техника» деп алаңсыз отыр. Ал әзірше бірде-бір «Протон» ұшырылмасын деген Қазақстанның талабына қатысты мардымды ештеңе айтқан жоқ.


Сергей Савельев, «Роскосмос» басшысының орынбасары :

- Ұшырылымды кейінге шегеру туралы ұсынысты басшыларыма жеткіземін. Мүмкін уақытын шегерерміз.