"Протон-К" зымыраны Ресейдің навигациялық жүйесі жер серіктерімен бірге Байқоңырдағы ұшырылым кешеніне шығарылды

"Ресейдің "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға дайындаудың ақырғы кезеңіне ден қою туралы шешім кеше кешке мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бүгін жергілікті уақытпен 6 сағат 30 минутта "Протон-К" зымыран-тасығышы 92-1 алаңының монтаж-сынақ корпусынан шығарылды. Онда зымыран тасығыш пен ДМ үдеткіш блогы құрастырылып, артынан ол 81-алаңның ұшырылымға арналған "үстеліне" тік күйінде орнатылды. "Хруничев атындағы орталықтың мамандары зымыран-тасығыш пен ұшыру кешенінің жүйелерін тексере бастады. Жұмыстар кестеге сәйкес үш күнге созылады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Глонасс-М" жер серіктері АҚШ-тың GPS жүйесінің баламасы - Ресейдің ГЛОНАСС жүйесіне енетін ғаламдық навигациялық жүйесін толықтыруға арналған.

Үш ғарыштық аппаратты алып ұшатын "Протон-К" зымыран-тасығышы мен ДМ үдеткіш блогы ғарыш айлағының 200-алаңынан 2006-жылдың 26-желтоқсанында Астана уақытымен 2 сағат 18 минутта ұшырылады деп межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті