Ұлыбританияның телекоммуникациялық Inmarsat 4F3 жер серігін "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен ұшыру мерзімі осы аптада анықталады.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен Inmarsat 4F3 жер серігін ұшыру мерзімі тасығыштағы электротехникалық жабдықтарды қосымша сынақтан өткізу қажеттігіне байланысты кейінге шегерілген.
"Байқоңырда ұшырылым алдындағы сынақтарды өткізген кезде "Бриз-М" үдеткіш блогының бортындағы есептегіш кешеннің ақаулары анықталған. Өндірістік кооперациядан әкелінетін есептеу кешені өткен демалыс күндері алмастырылды", - деп хабарлайды орталық.
Қазір М.Хруничев атындағы орталық мамандары жаңа кешенді тексеріп жатыр. "Ұшырылым бірнеше күнге шегеріледі, ұшырылым күні ағымдағы аптада сынақтар аяқталған соң жария етіледі", - деп хабарлайды М.Хруничев атындағы орталықтағылар.
Салмағы 6 тоннаға жуық Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын EADS Astrium концерні EUROSTAR 3000 платформасының базасында ғаламдық ұялы байланыс жүйесінің халықаралық аса ірі операторларының бірі Inmarsat (Ұлыбритания) тапсырысымен жасалған.