Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5 тамызда Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышы алып ұшатын Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратының 14 тамызға белгіленген ұшырылымы кейінге шегерілді. "Байқоңырда ұшырылым алдындағы сынақтарды өткізген кезде "Бриз-М" үдеткіш блогының бортындағы есептегіш кешеннің ақаулары анықталған. Өндірістік кооперациядан әкелінетін есептеу кешені өткен демалыс күндері алмастырылды", - деп хабарлады орталық.
Бұдан кейін "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігін құрастырыла бастады.
Құрастырудан кейін "Протон-М" зымыран тасығышы алып ұшатын Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратының ұшырылымына түзетілген кестемен дайындық жұмыстары басталады.