"Протон-М" зымыран тасығышы мен "Космос" ғарыштық аппараты Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырылым "үстеліне" орнатылды

Бүгін таңертеңгі сағат 6.00-де техникалық жанармай құю станциясында "Протон-М" зымыран тасығышы №81 алаңның ұшырылым кешеніне темір жол платформасымен тасымалдана бастады. Зымыран №81 алаңның ұшырылым "үстеліне" жеткізіліп, тік күйінде орнатылды.

Зымыранға қызмет көрсету фермалары жеткізілді. М. Хруничев атындағы орталықтың, "Байқоңыр" Федералдық ғарыштық орталығының мамандары бірінші ұшырылым күні бойынша кестелік жұмыстарға кірісті.

"Протон-М" зымыран тасығышын ұшырылым кешеніне шығару жөніндегі шешімді кеше, 4 желтоқсанда мемлекеттік комиссия қабылдады. Ғарыш айлағының мамандары ендігі жерде төрт күн бойы ұшырылым кешені мен зымыран тасығыштың ұшырылым алдындағы тексерулерін жүргізеді.

"Протон-М" зымыран тасығышы Ресейдің "Космос" ғарыштық аппаратын алып №81 алаңнан 9-желтоқсанда Астана уақытымен 6 сағат 16 минутта (Мәскеу уақытымен 3 сағат 16 минут) ұшырылады деп жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті