«Протон-М» зымыран тасығышы орбитаға «Инмарсат-5Ф2» ғарыш аппаратын шығарды


деп хабарлады «Ресейғарыштың» баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, зымыран тасығышы 1 ақпанда Астана уақытымен сағат 18:31-де Байқоңыр ғарыш айлағының алаңынан ұшырылды. 

Зымыран тасығыштан бөлінген соң «Бриз-М» екпінді блогы мен «Инмарсат-5Ф2» ҒА-ынан тұратын орбиталық блок автономды ұшуын жалғастырды. 

«Инмарсат-5Ф2» ҒА екпінді блоктан 2015 жылы 2 ақпанда Астана уақытымен сағат 10:02-де бөлінді. 

Айта кетейік, «Ресейғарыш» Байқоңыр ғарыш айлағынан«Протон-М» зымыран тасығышын 2015 жылы бірінші рет және ЗТ тарихында оны 402-ші рет ұшырып отыр.