"Протон-М" зымыран тасығышы құлаған жерде топырақты зарарсыздандыру шаралары жалғасуда

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ресей жағының топырақ сынамаларына жүргізген талдауы "Бриз-М" үдеткіш блогының жоғарғы бөлігі мен ғарыштық аппараттың өтпелі бөлігі құлаған жерде гептил бойынша шектеулі мүмкін деңгейдің артып кеткенін көрсеткен.

"24 қыркүйекте "Инфракос-Экос" Ресей жағымен бірлесіп үдеткіш блок құлаған жерде 1 метрге дейінгі тереңдіктен 3 жерден 15 сынама алды. Ресей жағы екінші саты құлаған жерде рекультивациялық шараларды жалғастыруда. Жұмыстардың 60 проценті атқарылған. 25 қыркүйекте "Бриз-М" үдеткіш блогының жоғарғы бөлігі мен ғарыштық аппараттың өтпелі бөлігі құлаған жерде детоксиакциялық шараларды қайталап жүргізу межеленген",- деп хабарлайды ҚР ТЖМ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті