Протон-М" зымыран тасығышын "Космос" ғарыш аппаратымен бірге ұшырылым кешеніне шығару жөнінде мемлекеттік комиссиясының шешімі күтілуде

Ақпарат көзінің хабарлауынша, жанармай құю бекетінде "Бриз-М" үдеткіш блогының бактарына жанармай құю жұмыстары жүргізілуде. Ресейлік мамандар зымыран тасығышын ұшырылым алаңына жеткізу дайындықтарының қорытынды жұмыстарын жүргізуде

"Протон-М" зымыран тасығышының "Космос" жер серігі және "Бриз-М" ұшырылым алаңында дайындық жұмыстарын жүргізу туралы шешімді мемлекеттік комиссия мүшелері шығарады.

"Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын №81 алаңның ұшырылым кешеніне шығару 5 желтоқсан таңертеңге белгіленген. Бұдан кейін ғарыш айлағының мамандары ұшырылым кешені мен зымыран тасығыштың жүйелерін төрт тәулік бойы тексереді.

"Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы №81 алаңнан 9-желтоқсанда Астана уақытымен 6 сағат 16 минутта (Мәскеу уақытымен 3.16) ұшырылады деп межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті