"Протон-М" зымыран тасығышының апаттық құлауы қарағандылықтардың денсаулығына өз әсерін тигізуде - облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры

"Біз тек қазіргі кезде зымырандар құлаған аудандарда (Ұлытау ауданы) тұрып жатқан халықтың денсаулығына ғана алаңдап отырғамыз жоқ. Біз 25-30 жылдан кейін не болатындығына алаңдаулымыз. Қандай да бір уақыт өткен соң гептил өз әсерін тигізбейді дегенге кім кепілдік бере алады. Бұл тіпті генетикалық деңгейде де көрініс табуы мүмкін", - деп есептейді М. Шайдаров.

"Ұлытау ауданының бүкіл халқы толық медициналық тексеруді талап етіп отыр", - деп мәлім етті М. Шайдаров.

Сонымен бірге ол, Ресей жағы қазақстандық дәрігерлердің мәліметтеріне сенбейтінін жеткізді. "Ресей статистикалық мәліметтерді растау үшін комиссия жіберді. 5 адамнан тұратын топ құжаттармен жұмыс істеуді жалғастырады".

Өз кезегінде, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының академигі, Федералдық медицина-биологиялық агенттік тобының жетекшісі Вадим Филиппов тілшілерге: "Гептилдің адам ағзасына тікелей әсер етуін біз кездестірген жоқпыз. Жанама ықпал етуін жоққа шығармаймыз. Яғни, жүйкеге әсері болуы мүмкін. Ол өз кезегінде гинекологиялық, онкологиялық ауруларды асқындырды. Бұл толығымен дәлелденді", - деп хабарлады.

"Біз болашақта қалай жұмыс істейтіндігімізді анықтап алу үшін жағдайды бағалауға, азаматтардың дәрігерге қаралу санын, олардың қандай аурулармен қаралып жатқандығын анықтауға келдік. Біз барынша объективті боламыз", - деп мәлім етті В. Филиппов.

"Бір нәрсені толығымен айта аламын: жарылыс болған жер қауіпті. Ал одан алыстаған сайын қауіптілік азая түседі", - деп атап көрсетті В. Филиппов.

В. Филиппов зымыран тасығыштардың Қарағанды облысына құлауы 1999 жылы басталғанын еске салып өтті. Ол осыдан кейін қалдықтарды жою, келтірілген экологиялық залалға өтемақы төлеу, халықты зерттеу, қажетті медициналық көмек көрсету бойынша бірлескен Ресей-Қазақстан бағдарламасы жасалғанын атап көрсетті. Алайда, баспасөз мәслихаты кезінде мәлім болғандай, ресми мәлімет бойынша жұмысын аяқтаған аталмыш бағдарламаның жұмыс қорытындысы әлі күнге дейін жасалмаған.

"Қазір жаңа бағдарлама жасалуда. Ол жыл соңына дейін бітуі тиіс. Сосын оны Алматыдағы ғылыми-техникалық кеңеске береді. Ғылыми-техникалық кеңес үкіметаралық комиссияға қарасты", - деді М. Шайдаров.

Естеріңізге сала кетсек, үкіметаралық комиссия 1-желтоқсанға дейін 2007 жылдың 6-қыркүйегі күні құлаған "Протон-М" зымыран тасығышының құлауынан зардап шеккен адамдарға төленетін өтемақы көлемін анықтаулары керек. Облыс әкімі Нұрлан Нығматуллин өтемақы 7 млрд теңгеден асады, деп мәлім етті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті