«Протон-М» зымыран-тасығышын ұшыру уақыты тағы да кейінге қалдырылды

Мемлекеттік комиссия ұшыруды 2013 жылғы 25 қазанға ауыстыру туралы алдын ала шешім қабылдады. Ғарыштық мақсаттағы зымыранды ұшыру күні туралы соңғы шешім қабылданғанға дейін ұшыру алаңында қалады, деп атап өтті Роскосмостың баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, бастапқыда «Бриз-М» үдету блогымен және америкалық «Сириус ФМ-6» телекоммуникациялық спутнигімен бірге «Протон-М» зымыранын ұшыру 21 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 00:13-ке жоспарланған болатын. Ұшыруға алты сағат қалғанда мемлекеттік комиссия «Протон-М» ұшыру уақытын бір тәулікке кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.


«Новости космонавтики» сайтының ақпаратына қарағанда, ұшыру уақыты Оңтүстік Африкадағы сигналдар қабылдау станциясында туындаған қиындықтарға байланысты Америка тарапының өтініші бойынша кейінге шегерілді. Ресей тарапынан ешқандай қиындық жоқ, деп атап айтылған хабарламада.