"Протон-М" зымыранының құлауынан келген шығын көлемі "Днепрдің" құлауынан келген шығыннан асып түседі - қоршаған ортаны қорғау министрі

"Меніңше, залал-зардап ауқымы былтырғы "Днепрдің" құлауынан болған зардаптардан ауыр болмақ, - деді қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов бүгін өткен үкіметтің отырысында.

Ол сонымен қатар қазір шығын көлемі есептеліп, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, және бұл жұмыстарға ресейлік мамандардың да араласып жатқанын жеткізді. Осы орайда қоршаған ортаны қорғау министрі " бұл осындай алтыншы төтенше оқиға екенін және оның жүйелі сипатқа көшіп жиі қайталана бастағанын" ерекше атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті