Психолог адамның өмірін тас-талқан етеді - Асхат Аймағамбетов

Ал, бүгінде мыңдаған психолог адам санасын улап жүр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Мәжіліс отырысында депутат Асхат Аймағамбетов психологтардың қызметін заңмен реттеу мәселесін көтерді. Оның айтуынша, бүгін мыңдаған қазақстандық депрессиямен күресіп, көмек іздеп жүр. Алайда бұл салада нақты бақылау мен жауапкершілік алу мәселесі ақсап тұр.

«Аспаз халыққа зиян келтірсе, мейрамхана жабылып, іс қозғалады, жауапкершілік бар. Ал егер психолог адам өмірін тас талқан етсе, оған кім жауапты? Қазіргі заңнамада ондай жауапкершілік қарастырылмаған. Заң реттелмеген», – деді депутат.

Жаңа заң жобасы аясында психологтардың ашық реестрі құрылмақ. Сонымен қатар, психолог пен дәрігердің кәсіби шекарасы айқындалып, кәсіби құпияны сақтау нормалары енгізіледі. Депутаттың сөзінше, адамның психикасымен жұмыс істеудің күрделілігі енді заңмен бекітілуі тиіс.