Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы жол қозғалысы қауіпсіздігі саласына сараптама жүргізді. Талдау нәтижелері көрсеткендей, Ақтөбенің психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған 320 тұрғыны жүргізуші куәлігін алып, көлік құралдарын басқару құқығына ие болды.
Параноид шизофрениясы түріндегі психикалық аурудың болуы туралы дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде сотқа Көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы бес талап қойылды"
, - деп жазды Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дауылбаев Facebook желісіндегі парақшасында.