Конвенция есі кіресілі-шығасылы күйде қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған және оларға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі бар адамдар қай елдің азаматы болса, сол мемлекетке мәжбүрлі емдеуден өткізуге беруге қатысты жағдайларды реттейді.
Елбасы Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы Конвенцияны іске асыру мәселелері бойынша құзыретті орган болып табылады.
«Конвенция ТМД елдерінің арасындағы психикалық бұзушылықтардан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу үшін беруді көздейді. Заң жобасына 30 желтоқсанға дейін қорытынды әзірленеді», - дейді депутат Мәулен Әшімбаев.