Облыстық прокуратура тергеу басқармасының аға прокуроры Файзолла Тұрымовтың айтуынша, баланың мәйітін Темірлан ауылында тұратын әкесі тауып алған.
Қылмыс жасалған кезде қыз бала тәтесімен бірге үйде болған көрінеді.
«Психикалық сырқатымен тіркеуде тұрған әйел жантүршігерлік қылмысты қалай жасағанын түсіндіріп бере алмады», - деді прокурор.
Қазір ол қамауға алынды.