Психолог: Әкелері қыздарын "қызымсың ғой сипалай тұрайын" деп сипалап тұрып, қолын басқа жаққа сұғып жіберуі мүмкін

Бұл туралы ол журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтып берді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Біздің кабинетте небір қыз-келіншектердің әкесінің досы, нағашы атасы, көрші үлкен жастағы зорлық көрсеткендерді талай естідім. Туған әкесі қызын зорлаған сәттер. Қарап тұрсаңыз, "қызымсың ғой сипалай тұрайын" деп сипалап тұрып, қолын басқа жаққа сұғып жіберуі мүмкін", - деді психолог.