Психоневрологиялық диагнозы бар 31 адамға қару қолдануға жалған құжат берілген

Мұндай фактілер қаржы полициясының ақпараттық-сараптамалық бөлімінде анықталды. Материалдар облыстық ІІД-ге жіберіліп, онда ҚР ҚК 325-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Одан басқа, тексеру барасында «Павлодар тәуелді аурулардың алдын алу және емдеу орталығы» мен «Павлодар психоневрологиялық диспансерінің» неврологиялық және органикалық психикалық бұзылу, ақыл-ой кемтарлығы диагнозы қойылғандар мен есірткі, алкоголь қолданатын науқастарға қаруды өзімен бірге алып жүру және сақтауға қатысты берілген рұқсат қағазға қатысты тағы жеті факт анықталды.

Облыстың ІІД-де қару ұстап, сақтауға рұқсат беретін жалған медициналық анықтамаларды жасаумен айналысқан тұлғаларға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.