Психоневрологиялық интернат дәрігерлері емделушілерін еңбекпен емдейтін болды


Мүсіндердің барлығы қолда бар материалдардан құйылған. Мысалы, мына алып бүркіт керек болмай қалған кереуеттердің темірінен жасалыпты. Ал күлгін фламинго мен мына жылқылар кірпіштен, цементтен дайындалыпты. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жұмысқа - бейімі бар емделушілер ғана тартылады екен. Күнұзақ іштері пысып жататын пациенттер үшін бұл ермек қана емес, емдеудің арнайы түрі дейді мамандар.