"Пугачеваға еліктеп жүр": Подиумға қысқа көйлекпен шыққан Жанар Айжанова желіні "жарды"

Жасы елуден асқан өнер иесінің сән үлгісін көрсеткен бейнежазбасы желіні шулатты. 

"Сұмдық, басқа істейтін тірлігі қалмапты", "Жанар апай сіздің жасыңызға келіспейтін сияқты. Сізге қазақи нақыштағы киімдер жақсы үйлеседі" , - десті оқырмандары.

Қазақтың домбырасын құшақтап сахнаны бағындырған талантты әншінің заманауи образы жұрттың ашуын келтірді. Тіпті өнер иесінің соңғы кездердегі әрекетіне шағымданып, көңілі қалғанын жеткізгендер де аз болмады. 

«Әншілер бетімен кетті ғой масқара», "Ақша табам деп абыройын айрандай төкті-ау" , "Өз-өзін төмен түсіріп бітті әбден. Әйтпесе жақсы-ақ үлгі тұтар кісі еді" , "Пугачевадан қалысқысы келмей жүр", "Қазақтың қызы не киіп алған шаянға ұқсап" деп жазды желідегілер.