Пугачеваның немересі «Аруақты аңду» фильмінде хакердің рөлін сомдайды

деп "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазақстандық көрермендер мамыр-маусым айларында «Аруақты аңду» ғылыми фантастикалық элементтері бар экшн-фильмді тамашалайды. Актер Санжар Мәдиев ресейлік әнші Алла Пугачеваның немересі Никита Пресняков сомдайтын жұмбақ хакердің ізіне түсетін батыл полиция қызметкерінің рөлін ойнайды», - делінген баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасында.
Картинада Кристианна Локен ("Терминатор-3"), Арманд Ассанте ("Одиссей", "Гангстер", "Короли мамбо") секілді голливудтық әртістер мен қазақстандық актриса Әсел Сағатова түскен.