Бұл туралы ол Instagram-дағы жазба пікірімен қалып айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Сыни пікір неден басталды?
Көпшілікке ақыл-кеңесімен бөлісіп жүрген Айнұр Бектұрған “шынар ағаш” сотуар сатумен айналыс бастады. “Бір сотуарға барлық ананың махаббатын сыйғыздық” деген коучтың бұл әрекеті әнші Бақыт Тұрманға ұнамай қалды.
”Пустышка әшекейлерді сатуыңыз дұрыс болмады”
”Сізді осыған дейін тыңдап, ойларыңызға тәнті болып жүр едім. Әйтеуір халықтың қалтасына түспей, “тегін ақыл айтатын адам табылды ау” деп. Бірақ разогрев жасап, жасап келіп әңгімеңізге аңқау әйелдерді байлап алып, сонша ақшаға тренинг өткізіп енді мынау Айнұр Тұрсынбаева, Ерке Есмахан сынды пустышка әшекейлерді удай қымбат ақшаға сатуыңыз дұрыс болмады. Тағы бір лохотрон өкінішке орай, тағы бір аңқау халықтың кіршіксіз көңілін жаулаған, жалған үміт таққан, қиындығына қиындық қосқан әрекет. Жағдайыңыз жаман емес сияқты түр-келбетіңізге қарасам. Соншалықты ақыл болса, жеткізгіңіз келсе тегін-ақ істесеңізші. Сол сіздің әкеңізден қалған ақылды пайдаға жаратып, Алла разылығы үшін жасаған әрекетіңіз болсын”, - деп пікір білдірді Бақыт Тұрман.