Путин 23 желтоқсанда ҰҚКҰ ҰҚК сессиясына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады


Бұл туралы Кремль баспасөз қызметі мәлімдеді.
Хабарламаға сәйкес, ҰҚКҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессисында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан президенттері ҰҚКҰ мүше мемлекеттерінің одақтық өзара байланысын нығайту және аймақтық мәселелерді талқылайды.
Сессия барысында ҰҚКҰ-ға төрағалық ету Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына өтеді.
«Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында мемлекет басшылары деңгейінде 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ пен оның органдарының қызметке кірісе бастауының практикалық буынына қатысты бірқатар шешімдер қабылданады», дейді баспасөз қызметі.
Кездесу қорытындысы бойынша басшылар баспасөз мәслихатын өткізеді.