Путин алматылық 100 жастағы монах әйелін орденмен марапаттады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тиісті жарлық Құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды.

"Қазақстанда Ресейдің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға және насихаттауға қосқан зор үлесі үшін Алматы қаласының Иверс-Серафимов монастырының тұрғыны – Ирина Анисимовна Любицкая Достық орденімен марапатталсын", – делінген құжатта.

Белгілі болғандай, Ирина Орынбор облысында дүниеге келген. Соғыс жылдарында Тәжікстандағы эвакогоспитальдарда еңбек етіп, 1947 жылдан 1981 жылға дейін Алматыда жедел жәрдем фельдшері болып жұмыс істеген.