деп мәлімдеді.
Бұл туралы В.Путин бейсенбіде Жоғарғы экономикалық кеңестің отырысында мәлімдеді.
"Жалпы конструктивтік ниет болғандықтан және әр тарап келісімге келуге тырысқандықтан, біз бірталай қиындықтарды бастан өткерсек те уақытында, көзделгендей, 2014 жылдың 1-маусымына дейін құжатқа қол қою мәресіне жете алдық", деді РФ президенті.
Ол атап өткендей, Еуразиялық экономикалық одақ әркімге түсінікті, оның ішінде ол ДСҰ нормалары мен қағидалары негізінде, әрі әмбебап, мөлдір қағидаларға орай жұмыс істемек.
"Бүгінде біз қуатты аймақтық рынок құрып отырмыз, ол 170 млн аса адамды біріктірмек, біздің одақтың табиғи, оның ішінде энергетикалық ресурстарының қоры зор. Әлемдегі газ қорының бестен бірі және мұнайдың15% дерлік осында", деді ол.
Оның айтуынша, аталмыш одақтың географиялық орналасуы аймақтық ғана емес, ғаламдық мәні бар көліктік –логистикалық маршруттарды құруға мүмкіндік бермек.