Путин – либералды саясаткер, Батыс онымен келіскені жөн, деп санайды Назарбаев


"Ресейдің ішінде Путинге көрсетіліп отырған қолдау елеулі», деді ол Астанада жұмада Франция президенті Франсуа Олландпен болған келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында.
"Батыста айтылып жатқандарға қарамастан, Путин бүгінгі күнде либералды саясаткер, ал Путиннен кейін ондағы ұлттық-патриотизм қандай сатыда болмақ, тіпті коммунистік реваншизм болады ма, оны ешкім де айта алмайды», деп санайды елбасы.
"Сол себепті бұл мәселені ауқымды түрде қарап, онымен келісуге мүмкіндік табу керек болар», деп мәлімдеді Н.Назарбаев.