«Кездесу барысында екі ел арасындағы ағымдағы мәселелер, сондай-ақ, Еуразиялық ықпалдастық пен Кеден одағын дамыту жайы сөз болды. Сонымен қатар, президенттер Украинадағы ахуалға қатысты өзара пікір бөлісті», - деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.
Қазақстан басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық байланыстар сөз болды. Бүгінгі күні халықаралық деңгейде маңызы артып тұрған мәселелер де екі ел басшыларының назарынан тыс қалған жоқ.
Сонымен қатар, президенттер Кеден Одағына мүше мемлекеттер мен Украина басшысының және Еуропалық одақ өкілдерінің 26-тамыздағы кездесуінде бекітілген келісімдерді жүзеге асыру барысын да сөз етісті.