Путин мен Обама телефон арқылы Украинадағы жағдайды талқылады – Кремль

Мемлекет басшылары Украинадағы жағдайды ортаға салды, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметінен.

Әңгіме америкалық  тараптың мұрындық болуымен өткізілген.

«Ресей президенті әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ресей-Америка қатынастарының маңыздылығын атап өтті. Бұл қатынастар халықаралық маңызы болса да, жекелеген проблемаларға қатысты пікір алшақтығының құрбанына айналмауы тиіс, деді В.Путин», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшыларының уағдасы бойынша, екі елдің Сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Джон Керри жан-жақты байланыстарды әрі қарай жалғастыратын болды.