Путин мобилизация жариялағалы бері Ресейден 700 мың адам кетіп қалған

Мобилизация жарияланғаннан кейінгі екі аптаға жетпейтін уақытта Ресейді әскер жасындағы 700 мыңға жуық ер адам тастап кетті, – делінген хабарламада, деп жазды caravan.kz  медиа порталы Халық Үні порталына сілтеме жасап. 

Forbs.ru-дың хабарлауынша, Ресейден жалпы саны 1 млн-ға жуық адам кетіп қалған. Бұған дейін БАҚ-тар мобилизациядан кейінгі бір аптаның ішінде Грузияға, Қазақстанға және Финляндияға кеткен ресейліктер санының 194 мың екенін жазған еді.

Қыркүйек айының басында, мобилизациядан біраз бұрын Росстат жыл басынан бері Ресейден 419 мың адамның кетіп қалғанын хабарлады.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 4 қазанда елге 21 қыркүйектен бері 200 мың ресейліктің келгенін, осы кезеңде тағы 147 мың ресейліктің елден кеткенін хабарлады. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға Ресейден 300 мыңға жуық мигранттың келгенін мәлімдеді.


Грузия Ішкі істер министрлігі апта ішінде елге 53 ресейліктің келгенін жеткізді. Апта ішінде Еуропа одағы елдеріне 66 мың ресейлік барды. Бұл содан бұрынғы аптаға қарағанда, 30 пайызға артық екен.