Caravan Logo

Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа не үшін алғыс айтты?

Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа не үшін алғыс айтты?

Ресей президенті Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркиямен арақатынаста арағайындық жасағаны үшін алғыс айтты. Бұл туралы ria.ru хабарлады.

«Сіз Ресей мен Түркия қарым-қатынасын қалпына келтіруді еске салдыңыз. Арағайындық жасауға күш салғаныңыз үшін алғыс айтқым келеді. Көріп тұрғанымыздай, ол өз жемісін берді»,- деді Путин Сочидегі кездесуде.

Өз тарапынан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты реттеуге қуана көмектескенін, өйткені бұл мәселе Қазақстанға да әсер еткенін жеткізді.


Түркия тарапынан атып құлатылған ұшақ дағдарысынан кейін Ресей мен Түркия президенттерінің алғашқы кездесуі 9-тамызда Санкт-Петербургте өтті.