СІМ ақпараты бойынша, Р. Аттақұлов Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің атынан Ресейде болатын парламенттік сайлауды сәтті өткізу тілеген жеткізіп, республикада өткен референдум қорытындысы мен мерзімінен бұрын 16 желтоқсанға белгіленген парламент сайлауының дайындық жұмыстары жөнінде құлағдар етті".
В. Путин өз кезегінде, "Қырғыстан халқы мен ел басшыларын референдумның сәтті өтуімен құттықтап, алда Қырғызстанда өтетін парламент сайлауларының оңтайлы өтуіне байланысты жылы лебіз білдіріп, Қырғыстан Республикасы басшылары жүзеге асырып жатқан реформалар мен конституциялық өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді".
Сондай-ақ , "кездесу кезінде екі жақты қырғыз-ресей ынтымақтастығы және барлық бағыттағы қатынастарды дамыту тиімділігі жөнінде мәселелер қазғалды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті