Путин Ресей мен Қазақстанның арасындағы Мемлекеттік орталық полигонды пайдалану шарттары туралы келісімге енгізілетін өзгертулерді бекітті

Көрсетілген хаттамамен келісімге аталмыш полигонда жұмыс істеу және сынақ жүргізудің жаңа шарттарына, жер телімдерін онда орналасқан жылжитын және жылжымайтын мүліктерімен жалға беру және оларды падаланғаны үшін төлем ретіне қатысты, сонымен қатар жер телімдерінің жаңа координаттары мен Қазақстан Республикасынан жалға алып отырған нысандар мен мүліктердің жаңа тізіміне қатысты өзгерулер енгізіледі.

Аталмыш хаттаманың ережелерінде 4-ші Мемлекеттік орталық полигонды оған 10-шы және 11-ші Мемлекеттік сынақ полигондарын (Қазақстан Республикасының Сары-Шаған полигоны аумағында орналасқан әскери алаңдар) оның құрылымдық бөлімшелері ретінде қосу жолымен 4-ші Мемлекеттік орталық полигон ретінде қайта құру ескеріледі.

Хаттамамен қару-жарақ пен әскери техникалардың жаңа үлгілеріне сынақ жүргізу барысында 4-ші Мемлекеттік орталық полигонының жер телімдері мен ауа кеңістігін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 929-шы Мемлекеттік ұшу-сынақ мүддесіне пайдалану қарастырылады.

Сондай-ақ, хаттама ережелерімен 4-ші Мемлекеттік орталық түраралық полигонының мәртебесін анықтау тәртібі нақтыланады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті