Путин тағы да Зеленскийдің заңды президент екеніне күмәнмен қарайтынын мәлімдеді

Өзбекстанға сапары аяқталар тұста Ресей президенті сұхбат берген. Онда ол Украинада тек Рада заңды дегенді айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы "Әшкере" арнасына сілтеме жасап.

Ал Украина билігі мұндай мәлімдемелерді ақпараттық операция деп атады.

Путин Өзбекстаннан Мәскеуге ұшар алдында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, "алдын-ала болжам бойынша Украинаның жалғыз заңды билігі парламент және Рада болып қала береді" деді.

Путин және басқа ресейлік шенеуніктер Зеленскийдің өкілеті оның қызметіне кіріскеніне бес жыл өткеннен кейін 20 мамырда аяқталды деп мәлімдейді. 24 мамырда Путин Украина президентінің өкілеті "аяқталды" деді.

Алайда Украина заңдары әскери жағдай кезінде сайлау өткізуге тікелей тыйым салады. Сондай-ақ, елдің конституциясында қазіргі президент келесі мемлекет басшысы қызметіне кіріскенге дейін өз өкілетін сақтайды деген ереже бар.

Украина Конституциясына сәйкес, 2019 жылы сайланған Зеленскийдің президенттік мерзімі қызметке кіріскеннен кейін бес жылдан кейін аяқталуы керек еді. Бірақ биыл наурыз айында елде жаңа мемлекет басшысын сайлау болған жоқ. Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты әскери жағдай енгізілді, ол заң деңгейінде кез келген сайлауға тыйым салады. Сондықтан Владимир Зеленский Президент болып қала береді.

Украина билігі Ресей "20 мамырдан кейін Украинада қабылданған билік шешімдерінің заңдылығына күмән келтіруге, дүрбелең көңіл күйін таратуға", сондай-ақ қоғамда "қастандық теорияларының" барлық түрін таратуға тырысады" деп мәлімдеді.