Путин ТМД басшыларын Мәскеуге Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге шақыруда

"Мүмкіндікті пайдалана отырып, құрметті әріптестер, сіздерді Мәскеуге 2015 жылы мамыр айында Жеңіс күніне арналған салтанатты шараларды атап өтуге шақырамын", деді ол жұмада ТМД саммитінде сөйлеген кезінде.

Президент атап өткендей, Жеңістің 70 жылдығына арналған шараларды лайықты атап өту бүкіл ТМД елдерінің міндеті.