Caravan Logo

Путин Трамппен Украина мен Сириядағы жағдайды талқылады

Путин Трамппен Украина мен Сириядағы жағдайды талқылады

 «Құрама Штаттар президентімен ұзақ әңгімелестік, Украина, Сирия, басқа да проблемалар, кейбір екіжақты мәселелер жайында сөз болды. Терроризммен күрес, киберқауіпсіздік мәселелеріне қайта оралдық», - деді Путин Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесуде. Путин жапондық премьер ресейлік көшбасшымен кездесуді бір жарым сағаттай күтіп қалғаны үшін Абэден кешірім сұрады. «Мен өз және АҚШ президенті атынан да кешірім сұраймын», - деді Путин. Ресей мен АҚШ көшбасшыларының әңгімесі 2 сағат 15 минутқа созылды. Бұл президенттердің  алғашқы жеке кездесуі, бұған дейін олар тек телефон арқылы әңгімелескен.