Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Астанаға келді

Ресей, Қазақстан, Белорусь елдерінің ықпалдастықтың жаңа кезеңі – Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа қол қою саммиттің басты оқиғасы болмақ. Жақында үш мемлекеттің вице-премьерлері бұл тарихи құжатты келісуді аяқтаған болатын.

Астанада сондай-ақ, еуразиялық ықпалдастыққа қатысушы елдер құрамын кеңейту мәселесін талқылау үшін Армения мен Қырғызстан кездесуге шақырылды.

Саммит ресми және салтанатты бөлімдерден тұрады. Ол аяқталғаннан кейін В.Путин екіжақты кездесулер өткізеді, оның ішінде шара қожайыны Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бар.

Осы кездесу барысында бейбіт атом жөніндегі ынтымақтастық саласындағы төрт құжатқа қол қойылады, оның бірі Қазақстанда ресейлік технологияны қолданып АЭС салу туралы меморандум.


Екі президент отын-энергетикалық кешендегі ынтымақтастық мәселелері талқыланады.