Caravan Logo

Путиннің алдағы елімізге ресми сапары екі мемлекеттің өзара интеграциясын тереңдетуге бағытталады - Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшісі

Путиннің алдағы елімізге ресми сапары екі мемлекеттің өзара интеграциясын тереңдетуге бағытталады - Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшісі

Қазақстан елшісінің жорамалдауынша, алдағы сапары барысында В.Путин Ресейдегі Қазақстан жылының қорытындысын шығарады. Елші сондай-ақ, Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2004-жылды Ресейдің Қазақстандағы жылы деп жариялау туралы шешім қабылдағанын еске сала кетті. "Кездесуге арқау болатын басты оқиғалар осылар болмақ",- деді ол. "Әрине, президенттер бұл кездесуде кең көлемді мәселелер топтамасын талқылайтыны түсінікті жайт",- деді Қ.Көшербаев.

ҚР президенті әкімшілігінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, В.Путиннің Астанаға келу мерзімі алдын-ала ұйғарым бойынша 9-қаңтарға белгіленген.