Смартфондардың саны шектеулі және олар Ресей президенті Владимир Путиннің туған күніне арналған, деп хабарлады Lenta.ru 5 қазан күні түскен баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
Supremo Putin Damascus атауына ие болған үлгілер өрнектермен және мемлекет басшысының барельефті портретімен безендірілген. Телефон дизайнының екі түрі бар: титандық гаммада және алтынмен әшекейлі.
Гаджеттер жадының көлемі - 128 және 256 гигабайт. Жаңа телефондардың құны 207 мың рубльден 232 мың рубльге дейін жетеді. Тираж 64 данамен шектелген.