Путиннің "ядролық чемоданын" ұстаған күзетшісін атып кетті — БАҚ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Adyrna.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Mirror басылымы хабарлағандай, қазір ол ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр.

Зимин Мәскеу облысының Красногорск қаласындағы пәтерінде 20 маусымда жаралы күйде табылған, оның жанында 79-9ТМ травматикалық тапанша болған. Оны ағасы тауып алған. Бұл кезде оның азаматтық некеде тұратын әйелі қасында болмаған.

Зимин Кремльде тек Путиннің қарамағында ғана емес, Борис Ельциннің кезінде де жұмыс істегені белгілі.


Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, Зимин кеден қызметінде жұмыс істей бастағаннан кейін пара алды деген айыппен қылмыстық істі тергеуге байланысты үй қамауында болған. Ол түрмеде жазасын өтеуге тиіс.