Пышақ алып жүгірген: Алматыдағы сауда орталығының көлік тұрағында екі ер адам төбелесіп қалды

Жанжал барысында олардың бірі көліктен пышақ тәрізді затты алып шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желідегі жарияланды. Кадрлардан қызыл Mazda және қара Hyundai көліктерінің жанында екі ер адам соғысып жатқанын көруге болады. Оқиға барысында қара машинадан бір қыз жүгіріп шығып, жанжалға араласып, тараптарды тыныштандыруға тырысқан.

Оқиға "Достық Плаза" сауда ойын-сауық орталығының автотұрағында болғандығы атап өтілді.

Полицияның хабарлауынша, жанжал 17 ақпанда түстен кейін болған.

"Сауда-ойын-сауық орталығының тұрағындағы жанжалға қатысушылардың екеуі де ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. 1990 және 1994 жылы туылған ер адамдар әкімшілік кодекстің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде, қарсыластардың бірінің қолындағы пышақ ойыншық болып шықты. Әкімшілік іс сотқа жіберілді ", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.