"Қ" "әрпі бар карикатура үшін суретшіні Қыдырәлінің сотқа бергені рас па?

Карикатурада бейнеленген кім?

— Ол керуетте отырып, елдің тағдырына алаңдап отырған адам.

- Бұл жерде Супермен комикс кейіпкеріне аллюзия бар ма?

— Иә. Соңғы уақытта мен отандық өндірістегі супер кейіпкерлерді тәжірибелеп жүрмін.

 - Карикатураны түсіндіру – анекдотты түсіндіргенмен пара пар, дегенмен артқы пландағы жалаңаш әйелдің бұл жердегі орны қандай?

— Жалпы, бұл өте үлкен күмән. Ол жерде іс жүзінде гендерлік ештеңе жоқ. Оны әйел деп ешкім нақты айта алмайды. Жалпы адам деуге болады.

- Бірақ ол адамды жалаңаш деуге болады ма?

— Оны білмедім. Егер арқасы ашық болса, ол жалаңаш адам ба?

- Тікелей сұрақ: бұл суретте бейнеленген Қыдырәлі Болманов па?

— Жоқ. Ол Қыдырәлі Болманов типіндегі адам. Барлық жерде ұқсастық көп, бірақ мен еш жерде, бірде бір карикатурада белгілі бір адам деп көрсетпеймін.


- Қыдырәлі Болмановтың сотқа беру ниеті туралы қауесетке қатысты қандай пікір білдірер едіңіз?

— Заңды тұрғыдан, кез келген нәрсеге ренжуге болады. Бізде бұған заңмен рұқсат етілген. Егер адам ренжіп, сотқа бергісі келсе, егер де суреттің белгілі бір азап шеккізгені дәлелденсе, мархабат, мен бұны талқылауға әзірмін. Айта кетейік, музыкант Қыдырәлі Болманов күні бойы қоңырауға жауап бермеді. Ал тұтқаны көтерген сәтте кештеу пікір білдіретінін айтты. Бұл ретте оның зайыбы Қарақат Sputnik Қазақстанға болып жатқан оқиғадан хабары жоқ екенін айтып, кештеу хабарласуды сұрады. Төменде интернет пайдаланушыларының карикатураға қатысты пікірлерін келтіреді.