«Бізге кәсіпорындар ашу керек. Облысымыздың экономикасының құрылымына көңіліміз толмайды. Елбасымыздың бірден-бір берген тапсырмасы да осында жатыр», - деді өңір басшысы.
Қ.Көшербаевтың атап өтуіне қарағанда, бүгінде облыс экономикасының 93,4 пайыз тек мұнай мен уранға ғана тәуелді болып отыр. Ал мұндайға тәуелділікпен экономиканы дамыту мүмкін емес.
«Сондықтан өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жаңа тұрақты кәсіпорындар ашуымыз керек»,- деді ол.